Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі –Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жоспары

Бекітемін

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі –Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы

_____________ Р. Аңбаев

2024 жылғы «­­30»  желтоқсан 

 

 

2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізу

жоспары

 

1-тоқсан

 

1. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық жастар ресурстық орталағының директорының ақпараты)2. «Ауылдық округтер аппаратының құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы» (Новоселовка және Шоптыкөл ауылдық округтері әкімдерінің ақпараттары)3. Резерв

 

2-тоқсан

 

1. «Белгіленбеген жерлерде шомылу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар бөлімі мен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің ақпараттары)2. «Қылмыстың алдын алу, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу жөніндегі жұмыс туралы» (Червонный және Шұқыркөл ауылдық округтері әкімдерінің ақпараттары)3. «Білім бөлімі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық білім бөлімінің басшысының ақпараты)

 

 

 

 

3-тоқсан

 

1. «Отбасын қолдау орталығының қызметі туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының ақпараты)2. «Қылмыстың алдын алуға, оның ішінде алкогольдік және есірткілік масаң күйде қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған шаралар туралы» (Чистопол және Қырымбет ауылдық округтері әкімдерінің ақпараттары)

  1. Резерв

 

 

4-тоқсан

 

1. «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ауылдық округтер әкімдерінің есептері» (Возвышен және Салқынкөл ауылдық округтері әкімдерінің ақпараттары)

  1. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің 2025 жылғы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметінің қорытындылары туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің бастығының ақпараты)
  2. «2025 жылғы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының нәтижелері туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты басшысының ақпараты)

 

  1. Комиссия отырыстарын өткізу мерзімдері жеке кесте бойынша қосымша айқындалады.
  2. Қажет болған жағдайда күн тәртібінің мәселелері түзетілуі мүмкін.

 

 

Аудан әкімі аппараты

басшысы                                                        А. Кенжебеков

 

 

Бекітемін

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі –Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы

_____________ Р. Аңбаев

2024 жылғы «30»  желтоқсан 

 

 

2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізу кестесі

 

 

  • 14 наурыз
  • 13 маусым
  • 12 қыркүйек
  • 12 желтоқсан

 

Ескертпе: қажет болған жағдайда отырыстарды өткізу күндері түзетілуі мүмкін.

 

 

Аудан әкімі аппараты

                   басшысы                                                     А. Кенжебеков

 

Дата публикации
10 января 2025