2024 жылғы 7 қазан күні сағат 15.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Новеселовка және Андреевка орта мектептерінің ата-ана міндеттерін орындамау туралы 2 қолдаухаттары қаралды.
Сонымен қатар жоспардағы «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу қорытындысы, Кәмелетке толмағандар мен жастарды азаматтық - патриоттық тәрбиелеуге, кәмелетке толмағандар арасындағы экстримистік қызметтің алдын алуға бағытталған жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы, Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, темекі шегудің, маскүнемдіктің алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы сұрақтар қаралды.
Сөз сөйлегендер: барлық сұрақ бойынша аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі В.И. Симиков, және жастар ресурстық орталығының директоры Қ.Қ. Амантаев.