Аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы
2024 жылғы 13 желтоқсанда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Т. Шаменов отырысқа қатысушыларды коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалануды бақылауды ұйымдастыру туралы хабардар етті.
Бірлік ауылдық округінің аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы Бірлік ауылдық округінің әкімі А. К. Аржикеев баяндады.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.


