Жылжымайтын мүлікке қатысты әкімшілік даулар: судьялар мен уәкілетті органдардың диалогы

Жылжымайтын мүлікке қатысты әкімшілік даулар: судьялар мен уәкілетті органдардың диалогы

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында су тасқыны салдарынан зардап шеккен жылжымайтын мүлікке құқықтарды қалпына келтіру және тіркеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның бастамашысы СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот болды.

 

Іс-шараға сот жүйесі мен уәкілетті органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар арасында: СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бердібек Мұстафин, судья Татьяна Вьюхова, Петропавл қаласының №2 сотының төрағасы Ерлан Ибраев және «AMANAT» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Гульфира Рамазанова қатысты.

 

Қатысушыларжылжымайтын мүлік объектілерінеменшікқұқығынқалпына келтіру, үйлердіпәтерлергебөлужәне зардап шеккеназаматтардыңөзқұқықтарынтіркеукезіндетуындайтынқиындықтарғабастыназараударды.«Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚфилиалыныңқызметкерлерісотматериалдарынақоса тіркелетін тіркеуістерінқайтарумерзімдерінсақтаудыңмаңыздылығын атап өтіп, өзмамандарынсоттардасарапшыретіндетартудыұсынды.

 

Сондай-ақ, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (ӘРПК) қолдануға байланысты мәселелер көтерілді. Судьялар дауларды шешуді жеделдетуге, сот жүйесіне жүктемені азайтуға және азаматтардың құқықтарын тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік беретін татуластыру рәсімдерінің маңыздылығын атап өтті.

 

 Кездесуге қатысушылар атап өткендей, мұндай іс-шаралар уәкілетті органдар мен сот жүйесі арасындағы ашық диалогқа ықпал етеді, бұл алдағы уақытта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге көмектеседі.

 

 

Дата публикации
22 ноября 2024