Петропавл қ. мамандандырылған ХҚКО жұмыс кестесін жаңартты

Петропавл қ. мамандандырылған ХҚКО жұмыс кестесін жаңартты

 Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді. 22 қазаннан бастап жұмыс уақыты ұзарады. 

 Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері  09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.

 Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Еске сала кетейік, кезекші мамандандырылған Петропавл қаласының ХҚКО  қаласы бойынша Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан.

 

Дата публикации
23 октября 2024