Аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

2024 жылғы 12 қыркүйегінде аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың  төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.К.Асқарова отырысқа қатысушыларды Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру туралы хабардар етті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Червонный ауылдық округінің әкімі Ә.К. Абаев баяндады.

Мемлекеттік органдармен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары туралы  Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков сөз сөйледі.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

 

Дата публикации
16 сентября 2024