Аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

        2024 жылғы 12 қыркүйекте аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың  төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы В.В. Авраменко отырысқа қатысушыларды аудандық аурухананың алкоголизммен, нашақорлықпен ауыратын, психикалық бұзылулары бар адамдарды анықтау, есепке алу және бақылау жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті

Ауылдық округтер аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға,оның ішінде алкогольдік,есірткілік маскүйінде қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған шаралар туралы Андреев ауылдық округінің әкімі И. В. Шушарин және Көкалажар ауылдық округінің әкімі А. С. Қасленкин есеп берді.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Дата публикации
16 сентября 2024