Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы 2024 жылғы 27 мамыр

2024 жылғы 27 мамыр  күні сағат 11.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның “2024 жылғы жазғы сауықтыру науқанына дайындық барысы және балалар мен жасөспірімдердің демалу, сауықтыру және жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ” “14 жастан 18 жасқа дейінгі, оның ішінде әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, сондай-ақ есепке алудың әртүрлі түрінде тұрған кәмелетке толмаған азаматтарды жазғы каникул кезеңінде және оқудан бос уақытында уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы ”  “Суда балалардың қаза болуын болдырмау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы” отырысы  өтті.

Сөз сөйлегендер: бірінші сұрақ бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Э.М.Қарабаева,  екеінші сұрақ бойынша аудандық мансап орталығының директоры Н.И. Темірғалиев.

Дата публикации
21 августа 2024