2024 жылғы 18 наурыз күні сағат 12.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның “Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу үшін оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру туралы” , “Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды ( 1 жастан 6 жасқа дейін , 6 жастан 18 жасқа дейін) бар аз қамтылған отбасыларға көрестілетін көмектің мөлшері мен түрлері” туралы отырысы өтті.
Сөз сөйлегендер: бірінші сұрақ бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Э.М.Қарабаева, екінші сұрақ бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Қ. Амрина.