



2024 жылғы 21 маусымда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Пробация қызметі бөлімінің бастығы С.Қ.Жетпісова отырысқа қатысушыларды пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен профилактикалық жұмыс туралы, сондай-ақ осы санаттағы адамдардың әлеуметтік және өзге де көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл туралы хабардар етті.
Ауылдық округтер аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Возвышен ауылдық округі әкімінің м.а. Н.К. Бекмағамбетова және Салқынкөл ауылдық округінің әкімі З.С. Құланова есеп берді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың қолданылуы туралы аудан прокуратурасының прокуроры П.Ж. Әлмұқанова сөз сөйледі.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.