



2024 жылғы 21 маусымда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Білім бөлімінің сектор меңгерушісі В.И. Симиков отырысқа қатысушыларды ауданның оқу орындарының оқушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді дамытуға бағытталған шаралар туралы, сондай-ақ «Білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есеп» пилоттық жобасын енгізу туралы хабардар етті.
Қырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау жөніндегі қызметі туралы ақпаратпен Қырымбет ауылдық округінің әкімі Ж.Т. Ысқақова сөз сөйледі.
Әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м. а. Д.А. Оразов баяндады.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.