Ағымдағы жылдың 6 маусымында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Б. Кенжебеков БКБ режимінде профилактикалық жұмыс жүргізді

Ағымдағы жылдың 6 маусымында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Б. Кенжебеков ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен орындаушылық тәртіпті сақтау, жұмыс уақытын сақтау және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзбау бойынша БКБ режимінде профилактикалық жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, қызметтік автокөлікті жұмыс уақытынан тыс уақытта және тиісті ілеспе құжаттарсыз жеке мақсатта пайдалануға қатаң тыйым салынғанын атап өтті.

Дата публикации
11 июня 2024