2024 жылғы 3 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Б. Кенжебеков Возвышенка ауылдық округі әкімінің аппаратына барды

2024 жылғы 3 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Б. Кенжебеков Возвышенка ауылдық округі әкімінің аппаратына барды, онда  қоғамдық кеңестің төрайымы Л.А. Башаринаның қатысуымен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзушылықтарға жол бермеу, қызметтік автокөлікті пайдалану бойынша мемлекеттік қызметшілермен және ауыл әкімдігінің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізді.. 

Іс-шара барысында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл жұртшылық кеңесінің төрағасына әкімдік пен қоғам арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мәселесінде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.    

Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Белгібайұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.

Дата публикации
11 июня 2024