2024 жылдың I тоқсанындағы
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімінің аппараты» КММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдамалық ақпарат
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ 2024 жылдың І тоқсанында 89 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 56, заңды тұлғалардан 33.
Мәселелердің сипаты бойынша 2024 жылдың І тоқсанында жеке тұлғалардан ең көп түскен өтініштер: халықты құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша – 38, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықт - 18 өтініш және басқалары, заңды тұлғалардан 2024 жылдың І тоқсанында ең көп өтініштер саны жер ресурстары мәселелері бойынша– 20 және т.б.
2023 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты жүгінген жеке тұлғалардың саны 2 адамға азайды (2023 жылдың І тоқсанында 58), ал жүгінген заңды тұлғалардың саны 12 адамға көбейді (2023 жылдың І тоқсанында 21).
Ағымдағы жылдың басынан бері әкім аппаратында 17 жеке қабылдау өткізіліп, 42 адам қабылданды.
2023 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты өтініш білдірген адамдардың саны 60 адамға азайды (2023 жылы - 102).
Өткізілген жеке қабылдаулар ресми Интернет-ресурста жарияланады, азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесі аудандық БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ сайтта орналастырылады. Аудан әкімдігі ғимаратының фойесінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі орналасқан.
Аудан әкімінің аппараты жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдау сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. азаматтардың барлық өтініштері «e-Otinish» бағдарламасына енгізілді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қаралады, мерзімдерді бұзуға жол берілмеді.
Жалпы мәселелер жөніндегі
құрылымдық бөлімшенің
басшысы Ә. Ыбыраева