БҰЙРЫҚ «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

БҰЙРЫҚ «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Әкім аппараты) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мәні болып Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көрсетілген бағыттар анықталсын.
  3. Әкім аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда бекітілсін.
  4. Талданатын кезең 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 4 мамырға дейін.
  5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2024 жылғы 6 мамырдан 14 маусымға дейін белгіленсін.
  6. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Әкім аппаратының басшысына қол қоюға келісілген талдамалық анықтама ұсынсын.
  7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

әкімі аппаратының басшысы                                              А. Кенжебеков

 

 

 

 

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

 әкімі аппаратының басшысы

2024 жылғы «   » сәуірдегі

№         бұйрығына қосымша

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы

аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі

талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының

ҚҰРАМЫ

 

 

  1. Алдошина Светлана Анатольевна – аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
  2. Байсарина Айгүл Мұратқызы – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы.
  3. Елікпаева Әсемгүл Ереженқызы – аудан әкімі аппаратының жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
  4. Мұқанова Әлия Қуанышбайқызы – аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
  5. Ысқақова Балкүміс Қайырзатқызы – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша).

 

Таныстырылды:

___________ С. Алдошина

___________ А. Байсарина

___________ Ә. Елікпаева

___________ Ә. Мұқанова

___________ Б. Ысқақова

Дата публикации
04 мая 2024