Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков ауылдық округ әкімдерімен, аудандық бөлімдердің басшыларымен, ауылдық округ әкімдері аппараттарының және аудандық бөлімдердің мамандарымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша әңгімелесу өткізді.
Құқықтық жалпы оқыту шеңберінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы С. А. Алдошина сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін түсіндірді.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізілімін әзірлеу тәртібі мен мерзімдерімен танысты.
Семинар қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.


