2024 жылғы 19 наурызда аудан әкімі Р.Ә.Аңбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің 2024 жылғы 1 тоқсандағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметінің тиімділігі және ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.И. Мақашев баяндады.
Новоишим ауылдық округінің әкімі Ә.М.Букпин және Тахтаброд ауылдық округінің әкімі А.А.Құзғанбаев тиісті ауылдық округтер аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Интернет-алаяқтыққа қарсы тұруға бағытталған ведомстволық бағынысты мекемелердің ұжымдарындағы профилактикалық жұмыстар туралы ақпаратпен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімінің басшысы Э.М. Қарабаева сөз сөйледі.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді



