Аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы
2023 жылғы 27 желтоқсанда аудан әкімі Р.А. Аңбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Бірлік ауылдық округінің әкімі А.К. Аржикеев Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылдайтын шаралары туралы.есеп берді.
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Т.И.Мақашев отырысқа қатысушыларды Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің 2023 жылғы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Ю.А. Панчурина 2023 жылғы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының нәтижелері туралы ақпаратпен сөз сөйледі.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.