Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия отырысының
№ 4 ХАТТАМАСЫ
Новоишим а. 2023 жылғы «13» желтоқсан
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі Р.Ә.Аңбаев
төрағалық етті
Комиссия мүшелері қатысты: (тізім бойынша).
Шақырылғандар: ауылдық округтер әкімдері.
Күн тәртібі
1.1. Аудандық бөлімдердің басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етсін.
Мерзімі-тұрақты
1.2. Ауылдық округтердің әкімдері мен аудандық бөлімдердің басшылары өтініштерді қарау кезінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтасын.
Мерзімі-тұрақты
1.3. Ауылдық округтердің әкімдері мен аудандық бөлімдердің басшылары бағыныстылар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізсін.
Мерзімі-ай сайын
1.4. Ауылдық округтердің әкімдері мен аудандық бөлімдердің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілетін іс-шараларды ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамасыз етсін.
Мерзімі - 2024 жылғы 1 тоқсан
2.1. Ауылдық округ әкімдері және аудандық бөлім басшылары:
- мемлекеттік сатып алуды өткізу саласындағы заңнаманың сақталуына ерекше назар аударылсын;
- мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптары бұзылған жағдайда, заңнамада белгіленген мерзімде өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арыздарды жіберуге міндетті.
Мерзімі-2024 жылғы 1 тоқсан
2.2. Ауылдық округ әкімдері, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, білім бөлімі халық арасында, оның ішінде ауданның оқу орындарының оқушылары арасында «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырсын
Мерзімі-2024 жылғы 1 тоқсан
2.3. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудан жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2024 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
Мерзімі-2023 жылғы желтоқсан
2.4. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесі комиссия мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ВАК тоқсан сайынғы отырыстарын өткізу жоспарын әзірлесін.
Мерзімі-2023 жылғы желтоқсан
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі
жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның төрағасы Р. Аңбаев