Аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

2023 жылғы 26 қыркүйекте аудан әкімі Р.А. Аңбаевтың  төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Аудан прокурорының орынбасары А.О.Жүнісов және полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Н.Д. Жұмабаев отырысқа қатысушыларды 2023 жылдың 8 айында аудан аумағында құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің өсуін талдау нәтижелері туралы хабардар етті.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.В. Минин спорттық инфрақұрылымды дамыту, байсалды өмір салтының артықшылықтарын және алкогольдік ішімдіктер мен есірткілерді қолдануға теріс көзқарасты насихаттау мақсатында халықты бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тарту туралы ақпаратпен сөз сөйледі.

Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Д.М. Жаманбаев және Шұқыркөл ауылдық округінің әкімі Қ.Е. Жанзақов тиісті ауылдық округтер аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

 

Дата публикации
16 октября 2023