
Ақпарат
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 17 ауылдық округ, аудан орталығы Новоишим ауылы және 60 ауылдық елді мекен бар.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағының жалпы ауданы 1 108 678 га, оның ішінде: егістік жерлер-792 250 га, жайылымдық жерлер – 249 090 га.
Санаттар бойынша жер мыналарға бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер -959 014 га;
елді мекендердің жерлері-92 974 га;
өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер-5 396 га;
орман қорының жерлері - 18 986 га;
су қорының жерлері - 3 928 га;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда барлығы 306 бірлік ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді, оның ішінде: ЖШС – 72 бірлік, ФХ – 85 бірлік, ШҚ – 149 бірлік.