2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау  комиссиясының

2026 жылғы 13 қазандағы № 44/02       қаулысына қосымша

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

 

1. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

                 (14-б. 6) тт., 22-б.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)                   

 

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                  

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

        

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

 

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

2026 жылғы 14 қазаннан басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады

(103-б.)

 

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1 қарашада  сағат 18:00-де аяқталады

                                                                            (104-б.)

 

         9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

 

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1) тт., 6-1-т. 1) тт.)

 

11. Партиялық тізімдерін ұсынған кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Тиісті округтік, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

 (14-б , 8) тт.), 16-1-т. 6) тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                        

 (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу   

 

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелгеннен кейін  

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                               

 

Тиісті округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

 

 

 

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                           

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-ден кейін басталады және 28 қарашада нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

          17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 8 қарашаға дейін

(26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өз деректерімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                            

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2026 жылғы 13 қараша

                                                                  (26-б. 1-т.)

 

         20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 қарашаға дейін                                                                

(18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

 

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және 28 қарашаға дейін

(37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

2026 жылғы 29 қараша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

23. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспауы тиіс

 

(18-б. 8) тт., 43-б.)

 

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

28. Мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу                        

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен кейін екі  күндік мерзімнен кешіктірмей                                                                                                                                                

2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей

(14-б.  9) тт., 44-б. 2-т., 108-б. 3-т)

 

29. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей                                                                        

2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей

                                                                (111-б. 1-т.)

 

30. Аудан мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 5 желтоқсаннан кешіктірмей

(14-б. 9) тт., 44-б. 4-т. 2) тт.)

 

31.  Сайланған аудан мәслихатының депутаттарына куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсыра отыра тіркеу                                           

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) тт., 46-б. 3-т., 1) тт., 112-б. 1-т.)                

 

32. Сайлау қорларын пайдалану туралы есептерді тиісті сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

 

 

 

Кандидаттар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей.

 

         33. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

           

          

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын

Дата публикации
14 октября 2026