2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы

ауданның аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 101-бабының 3-тармағына, 13, 14-баптарына сәйкес, «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығы негізінде, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
  2. Сайлау тағайындалған күннен бастап он күннен кешіктірмей шекаралары көрсетілген сайлау округтерінің тізімдерін, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын, комиссиялардың орналасқан жерлері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                       Р.Малғаждарова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новоишим а.,

2026 жылғы 13 қазан

№ 44/01

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 октября 2026