«Аумақтық сайлау округтерін құру туралы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша»

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 51 «Аумақтық сайлау округтерін құру туралы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша»

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 51 «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Мәслихаттардың сайланатын депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 132/627, 2026 жылғы 2 қазандағы № 55/92 қаулыларымен енгізілген, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  2. Осы қаулы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылсын.

 

 

        Аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                         Р. Малғаждарова

 

 

Новоишим а.

12 қазан 2026 жылы

№ 43/01

Дата публикации
13 октября 2026