




2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті Отырыс барысында 4 жоспарлы мәселе қаралды 1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру (ТҮКШ Мансап орталығы) 2. Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру туралы (АББ) 3. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және "тәуекел тобындағы" балалармен жұмыс істеуге, NEET санатымен жұмыс істеуге сондай – ақ жас аналар мен жалғызбасты аналардың проблемаларын шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру туралы" (ЖРО) 4. Мүгедек балаларды оңалту олардың денсаулығын қалпына келтіру және өмір сүру сапасын арттыру сондай-ақ әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы (түзету кабинеті)