




2026 жылғы 17 қыркүйекте аудан әкімі Р. Ә. Аңбаевтың төрағалығымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Заң және тәртіп Конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті: 1. "Алкоголь және темекі өнімдері айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы ақпараты) 2. "Елді мекендерді абаттандыру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" (Новоишим және Нежин ауылдық округтері әкімдерінің ақпараты) 3. "2026 жылдың 8 айында аудан аумағында құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің өсуін талдау" (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің ақпараты) 4. "Құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның ішінде интернеталаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу бойынша ауылдық округ әкімдері аппараттарының жұмысы туралы" (Рузаев ауылдық округі әкімінің ақпараты) Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді