

Петропавл қ. мамандандырылған ХҚКО автодромы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылдың 3 тамызынан бастап байланыс Нефтепроводная к., 7 мекенжайында орналасқан Петропавл қалалық мамандандырылған ХҚКО автодромы уақытша жабылатыны туралы хабарлайды
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде көрсетілетін қызметті алушыларға жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру қызметі қолжетімсіз болады.
Жөндеу жұмыстары автодромның асфальтбетон төсемін жаңартуды қамтиды. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол төсемінің сапасын арттыруға және практикалық емтихандарды өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарының болжамды ұзақтығы – 14 күн.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңге практикалық емтихан тапсыру және сынақ жүргізу күнін алдын ала брондаған қызмет алушыларға емтиханның жаңа күнін таңдау қажет. Практикалық емтихан өткізілетін жақын орналасқан қалалардағы мамандандырылған ХҚКО-ларға немесе жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Петропавл қалалық мамандандырылған ХҚКО-ға жазылуға болады.
Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде Петропавл қалалық мамандандырылған ХҚКО-ның барлық басқа мемлекеттік қызметтері штаттық режимде көрсетілетін болады.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және азаматтардан мемлекеттік қызметті алуды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды. Автодромның жұмысын қайта бастау күні туралы қосымша хабарланатын болады.