2026 жылғы 19 маусымда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың төрағалығымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

 

 

 

2026 жылғы 19 маусымда аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың төрағалығымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды:

  1. «Коммуналдық меншікті басқару мәселелерін шешу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы және оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының ақпараты).
  2. «Салқынкөл ауылдық округінің аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» (Салқынкөл ауылдық округі әкімінің ақпараты).
  3. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі тәуекелдер» (Новоишим аграрлық-техникалық колледжі директорының ақпараты).

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Дата публикации
19 июня 2026