Халықты жұмыспен қамту
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тұрақты негізде мониторингі жүргізіледі.
2025 жылы 2037 адам жұмысқа орналастырылды (2025 жылғы жоспардан 100%), оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 1646 адам (жоспарды орындау 96%) және 391 адам уақытша жұмыс орындарына (жоспарды орындау 121%). 2026 жылы 1750 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Жоспарланған көрсеткіштерге сәйкес 914 жаңа жұмыс орны немесе жоспардың 100% құрылды. 2026 жылы 910 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Аудан әкімдері қызметінің тиімділік индикаторы-әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа жұмыс орны.
2025 жылы жеке бастамалар шеңберінде 221 жұмыс орындарын құру жоспарланып, әлеуметтік аударымдары бар 250 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 113%.
2026 жылы жеке бастамалар аясында 207 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.
Әлеуметтік көмек
2026 жылдың 1 қаңтарына жалпы аудан бойынша әлеуметтік көмек алушылардың саны 1546 адамды құрады.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мыналар ұсынылды:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 27 отбасынан 136 азаматқа 13265,5 мың теңге.
- үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың шығындарын өтеуге – 27 мүгедек балаға 3932,0 мың теңге сомасында.
- атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек - 796 адамға 33421,7 мың теңге.
- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 587 адамға 68343,2 мың теңге.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Бекітілген 2025 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынды:
15 мүгедектер арбасы;
5 сурдотехникалық құрал;
40 тифлотехникалық құрал;
69 протезді-ортопедиялық құрал.
Кеңейтілген тізбе бойынша 247 іс-шара (гигиеналық құралдар).
29 адам санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
2026 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 121 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 391 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде:
- жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 9 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі;
- 6 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
2026 жылғы 27 наурызда «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қайта құру нәтижесінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-АӘҚКО) құрылды.
АӘҚКО-да үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 4 бөлімше жұмыс істейді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді 74-әлеуметтік қызметкер көрсетеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтермен 347 адам қамтылды, оның ішінде:
- 7-психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар;
- 2-тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;
-5-психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
- 326-жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар;
7-мүгедектігі бар адамдар.
2026 жылы ауданға жұмыс күші артық өңірлерден 60 отбасы (215 адам) және 5 адамнан тұратын 2 қандас отбасын көшіру жоспарлануда.
Бүгінгі таңда ауданға барлығы 36 отбасы (125 адам) немесе квотаның 57% – ы, Жамбыл облысынан – 4, Жетісу облысынан – 4, Қызылорда облысынан – 1, Түркістан облысынан – 11, Астана қаласынан – 10, Шымкент қаласынан-5,Алматы облысынан-1 көшіп келді
36 отбасында 125 адам, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы – 61 адам (жұмысқа орналастырылған - 41, ауданға әлі келген жоқ – 11, жұмыссыздар – 3, бала күтімі бойынша - 6), зейнеткерлер - 1, мектеп жасына дейінгі балалар - 28, оқушылар - 35.
Жұмысқа орналасуға жататын барлық 61 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған: жұмыспен қамтылғандар – 41 (оның ішінде білім беру саласында-3, денсаулық сақтау саласында – 1, ауыл шаруашылығы саласында – 8, басқалары-29).