2025 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат
"Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" КММ өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығын жақсартуға және аграрлық секторды дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында кешенді қызметтер көрсетеді. Бөлім өз қызметінде ауылдық аумақтарды орнықты дамытуға, агробизнестің тиімділігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағдарланады.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Өсімдік шаруашылығы: Өсімдік шаруашылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу.
Мал шаруашылығы: сүтті және етті мал шаруашылығын, сондай-ақ мал шаруашылығының басқа да бағыттарын, соның ішінде қой және жылқы шаруашылығын қолдау.
Қаржылық қолдау: бөлім мемлекеттік субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады, сонымен қатар фермерлерге гранттар мен несиелер алуға кеңес береді және көмек көрсетеді.
2025 жылғы ауыл шаруашылығының жалпы өнім шығымы
2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айларындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 113,5 млрд теңгені құрады, ФКИ – 109,4% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 113,5 млрд теңге, ФКИ – 131,1%):
оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері – 122,3 млрд теңге, ФКИ – 110,9% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 99,5 млрд теңге, ФКИ – 135,8%),
мал шаруашылығы өнімдері – 13,7 млрд теңге, ФКИ – 99% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 13,3 млрд теңге, ФКИ – 102,6%).
Аудан аграрийлері 2025 жылы 700 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдарын екті, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары – шамамен 539 мың гектар, майлы дақылдар – 122,7 мың гектар, мал азығы дақылдары – 45 мың гектар, картоп пен көкөніс – 0,5 мың гектар.
Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарының жалпы жинағы 1011 мың тоннаны құрады, өнімділігі – 18 ц/га, майлы дақылдар – 147,6 мың тонна, өнімділігі – 12 ц/га.
Ауданда 6 сүт бағытындағы ферма жұмыс істейді, оның ішінде 6 заманауи ферма ( «Астық Привольный», «Возвышенка-СК», «УК Әділ», «Буденное-СК», «Нежинка-Ерке» ЖШС және «Колос» ШҚ)
«Астық Привольный» ЖШС 330 гектарға мал азығы дақылдарын суарумен айналысады.
«АЗКО» ЖШС майлы дақылдарды 475 гектарға суару үшін жаңбырлатқыш машиналарды орнатты.
Мал шаруашылығы өнімін өндіру
2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында тірі салмақта 4,4 мың тонна ет өндірілді, ФКИ – 100,0% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 4,4 мың тонна).
Сиыр сүті 33,6 мың тоннаға сауылды, ФКИ – 98,4% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 34,1 мың тонна).
Тауық жұмыртқасы – 7,6 млн дана, ФКИ – 102,1% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 7,4 млн дана).
2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында ірі қара малының саны 25,8 мың бас болды немесе 101,1% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 25,5 мың бас), оның ішінде сиырлар – 12,5 мың бас немесе 98% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 12,7 мың бас).
Қой – 26,4 мың бас, немесе 98,2% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 26,8 мың бас).
Ешкі – 0,29 мың бас, немесе 74,5% (2024 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында – 0,38 мың бас).
Шошқа– 6,9 мың бас, немесе 101,4% (2024 жылғы қаңтар–қараша айларында – 6,8 мың бас).
Жылқы – 14,9 мың бас, немесе 108,6% (2024 жылғы қаңтар–қараша айларында – 13,7 мың бас).
Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын, заманауи технологияларды енгізуді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған өз қызметін жалғастыра береді.