Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараты
Ауданда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу жолдары» атты Жолдауын насихаттау бағытында атқарушы органдар тарапынан мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Президент Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау аясында аталған бағыттарды идеологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге байланысты бірқатар міндеттер жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар, ең алдымен, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Ауданда бұл міндеттерді екі баспа басылымы — «Есiл өңiрі» және «Новости Приишимья» газеттері атқарады.
Газеттерге барлығы 39 911,0 мың теңге бөлініп, оның 13 047,0 мың теңгесі игерілді. «Информ-Дала Север» ЖШС-не 19 955,0 мың теңге бөлініп, 6 523,0 мың теңгесі игерілді. «Техносервис Есиль» ЖШС-не 19 955,0 мың теңге бөлініп, 6 523,0 мың теңгесі игерілді. Жалпы саны 483 жарияланым шықты: «Новости Приишимья» газетінде — 269 жарияланым, «Есіл өңірі» газетінде — 214 жарияланым.
Негізгі бағыттар бойынша көбінесе экономикалық блок, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, әлеуметтік саясат, Президент Жолдауы, ұлтаралық келісім мәселелері, индустрия мен бизнесті дамыту тақырыптары кеңінен жариялануда.
Бөлім тарапынан мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап 9 мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларға арналған баяндамалар, өткізу тәртіптері, сценарийлер, ақпараттар мен есептер дайындалды.
Баспасөзге жазылу науқанын өткізу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.
Ауданда 11 билборд, 32 баннер және 7 керме орнатылған.
Жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында өткізілген барлық іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылып отырады.
Аудан әкімдігі мен ауылдық округтердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ аудандық топтарда Президент Жолдауының іске асырылуы, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы, мемлекеттік бағдарламалар және Ішкі саясат басқармасынан жолданған өзге де материалдар тұрақты түрде жарияланады.
Ауданда 33 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 7 тіркелген қоғамдық бірлестік:
«Ассоциация деловых женщин района имени Габита Мусрепова» қоғамдық бірлестігі;
«Ел тірегі» әскери-патриоттық клубы;
«Жастардың Нұрлы жолы» жастар қоғамдық бірлестігі;
«Новоишим жастардың мақсаты» жастар қоғамдық бірлестігі;
«Ветеран» қоғамдық қоры;
«Бекім» жеке қоры;
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Жеңіс» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ 26 этномәдени бірлестік.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында ауданның үкіметтік емес ұйымдарымен ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
2026 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 6 жобаны іске асыру үшін келесі іс-шаралар жоспарланған:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» — 540,0 мың теңге;
«Отбасылық құндылықтарды насихаттауға, әйелдердің ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» — 720,0 мың теңге;
«Аға буын арасында азаматтық бастамаларды жандандыру және мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастыру» — 9 млн теңге;
«Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында нашақорлықтың, темекі қоспаларын пайдаланудың, құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» — 450,0 мың теңге;
«Алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» — 450,0 мың теңге;
«Діни және құқықтық сауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» — 5 400,0 мың теңге.
Аудан мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздердің саны: 134 Мемлекеттік Ту мен Елтаңба, 127 стенд және 3 стела.
Ауданда 12 діни бірлестік қызмет етеді, оның ішінде:
-5 мешіт ((филиал Республиканского исламского религиозного объединения «ДУМК» районная мечеть «Жұманкожа»; филиал Республиканского исламского религиозного объединения «ДУМК» сельская мечеть «15 лет Казахстана»; филиал Республиканского исламского религиозного объединения «ДУМК» сельская мечеть «Чистополье»; филиал Республиканского исламского религиозного объединения «ДУМК» сельская мечеть «Шукырколь»; филиал Республиканского исламского религиозного объединения «ДУМК» мечеть «Сарыбұлақ»));
-3 православие шіркеуі ((местное православное религиозное объединение «Приход храма святителя Николая Чудотворца Петропавловской и Булаевской Епархии» с. Новоишимское; местное православное религиозное объединение «Приход храма Казанской Иконы Божией Матери с. Чистополье Петропавловской и Булаевской Епархии»; местное православное религиозное объединение «Приход храма святителя Николая Чудотворца Петропавловской и Булаевской Епархии» с. Ставрополка));
- 3 протестанттық ұйым ((местное религиозное объединение «Церковь Евангельских Христиан Баптистов «Вифлеем» с. Привольное; местное религиозное объединение «Церковь Евангельских Христиан Баптистов «Вифлеем» с. Чистополье; местное религиозное объединение «Церковь Евангельских Христиан Баптистов «Вифлеем» с. Ефимовка));
-1 Жаңа апостол шіркеуі ((Филиал местного религиозного объединения «Христианская Новоапостольская церковь в Северо-Казахстанской области» в селе Тахтаброд района имени Габита Мусрепова)).
Жыл басынан бері дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы қоныс аударушылармен, діндар жастармен, такси жүргізушілерімен және өзге де мақсатты топтармен 80 кездесу өткізді.
Ауданда 2 тіркелген жастар ұйымы және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жадынамалар тарату, аудан орталығының аумағын тазалау бойынша іс-шаралар өткізетін 26 волонтерлік ұйым жұмыс істейді.
2026 жылдың басынан бастап Жастар ресурстық орталығы 320 адамды қамтыған 16 іс-шара өткізді.
Жалпы аудан желісінде 30 клуб мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 8 мемлекеттік мекеме (аудандық мәдениет үйі, Рузаев ДК, Чистопольский ДК, Червонный СК, Буденный СК, Шукыркольский ЦД, Ялтинский ЦД, Привольный ДК), 22 жекеменшік мекеме (13 клуб және ЖШС қаражаты есебінен ұсталатын 9 демалыс орталығы), сондай-ақ 37 мемлекеттік кітапхана бар.
Ауданның 10 шығармашылық ұжымына «Халықтық/Үлгілі» атағы берілген, оның ішінде:
-3 вокалдық-хор ұжымы: «Новоишимские зори», «Золотые россыпи», «Ақ ниетті әжелер»;
-4 би ұжымы: «Конфетти», «Форс», «Арфей», «Томирис»;
-3 халық аспаптары ұжымы: «Алтын домбра», «Рузаевские ложкари», «Энергия будущего».
Сонымен қатар биыл аталған ұжымдар «Халықтық» атағын қайта растады. Клубтық құрылымдар саны — 113, оларға қатысушылар саны — 1267 адам.
2023 жылы Привольное ауылындағы мәдениет үйін реконструкциялау жұмыстары аяқталды (239 млн теңге), сондай-ақ Червонное ауылындағы ауылдық мәдениет үйі ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер ұйым — «Максимум-Север» ЖШС, бас директоры — Махметов Кенжеболат. Жоба екі жылдық, жалпы қаржыландыру көлемі — 82 303,0 мың теңге.
Ауданда мемлекет қорғауында 1 тарих және мәдениет ескерткіші бар (Бюст государственного политического деятеля Еркина Ауельбекова, 2001 год — скульптор Тулеген Досмаганбетов в с. Новоишимское), сондай-ақ 82 археологиялық ескерткіш (9 тас дәуірі ескерткіші, 33 қола дәуірі ескерткіші, 34 ерте темір дәуірі ескерткіші, 6 орта ғасырлар дәуірі ескерткіші), сонымен бірге Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған 42 ескерткіш тіркелген.
Аудандағы киелі нысан: облыстық маңызы бар 1 нысан — Мазар Токсан би.