Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау туралы ХАТТАМА

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау туралы

ХАТТАМА

 

Новоишимское а.                                                                2026 жылғы 11 мамыр

 

Төрағалық етті:

аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков

 

Қатысқандар: мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың бас мамандары.

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

1.Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепті аудан әкімі аппаратының басшысы А. Кенжебеков оқыды

Ұсыныс сұрақтары бола ма?

Сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Есепті талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшыларына:

- қолданыстағы заңнамаға, ережелер мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

-  "Электрондық үкімет"порталында көрсетілетін электрондық қызметтер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;

- тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы арқылы және «электрондық үкімет» порталында (аудандық БАҚ, жергілікті тұрғындармен жиындар, билбордтарды ресімдеу және т. б.) хабарлау;

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

- келесі айдың 1 күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ішкі бақылау бойынша ақпараттың сапалы және уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізу;

- жылына кемінде бір рет мүдделі органдар мен адамдарды шақыра отырып, есептерді жария талқылауды жүргізу.

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және ақпараттық - талдау жұмысы жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторының     м.а. В. Илюшенкоға жүктелсін.

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

әкімінің  аппараты» КММ

         аудан әкімі аппаратының

басшысы                                                                        А. Кенжебеков

 

                                                  

«Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

әкімінің  аппараты» КММ

ұйымдастыру – бақылау жұмысы

жөніндегі құрылымдық бөлімшесі

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын

бақылау және ақпараттық-талдау жұмысы

бойынша аудан әкімінің

бас инспекторының міндетін атқарушы                           В. Ильюшенко

 

Дата публикации
14 мая 2026