

2026 жылғы 8 мамырда Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының қызметкерлері үшін интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді.
Шара барысында бейнероликтер көрсетілді. Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков семинарға қатысушыларды интернеттегі алаяқтық әрекеттердің ең көп таралған тәсілдерімен таныстырып, барлығына «eGov» қосымшасы арқылы онлайн-несиелерден ерікті түрде бас тарту қызметін қосуды ұсынды.