

2026 жылғы 18 наурызда аудан әкімі Р.Ә.Аңбаевтың төрағалық етуімен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті:
1, Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы (полиция бөлімінің бастығы М.Е. Харипов және сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.К. Баилов сөз сөйледі)
2, Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру туралы (пробация қызметі бөлімінің бастығы С.Қ. Жетпісова және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әмрина Батима Қайыргелдіқызы сөз сөйледі)
3. құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауылдық округтердің аппараттары қабылдайтын шаралар туралы (сөз сөйледі: Бірлік ауылдық округінің әкімі А.Қ. Аржикеев және Андреев ауылдық округінің әкімі И.В. Шушарин)
4, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның криминологиялық паспорты (қарауға және бекітуге шығарылады)
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.