

2026 жылғы 18 наурызда аудан әкімі Р.Ә.Анбаевтың төрағалық етуімен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша ақпараттық жұмыс туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.А. Байкенов сөз сөйледі).
2. «Новосел ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау жөніндегі қызметі туралы» (Новосел ауылдық округінің әкімі С.В. Спасибушкин сөз сөйледі)
3, «Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы, сондай-ақ жеткізушілермен (мердігерлік ұйымдармен) шағым-талап жұмысының жай-күйі мен тиімділігі туралы» (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.К.Баилов сөз сөйледі).
Жоғарыда аталған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша аудан әкімі тиісті органдарға ұсынымдар мен тапсырмалар берді.