GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
22 октября 2026
«Айқын нәтиже» акциясы аясында

«Айқын нәтиже» акциясы аясында Чистополье ауылының аумағында балалар ойын алаңына тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде ойын және спорт жабдықтарының құрылымдары қанағаттанарлық техникалық жағдайда екені анықталды.

31 августа 2026
«Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы»

 

Хабарлама

 

Конкурсты ұйымдастырушы:Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру, ауыл шаруашылығын жүргізуде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жер учаскелерін ұсыну, мемлекет меншігіндегі және 15 жылдық мерзімге жерді пайдалануға ұсынылмағандығы бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің  43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2026 жылы «21» қазанда 15 сағат 00 минутта Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы, Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің ғимаратында 1-қабат әкімдік мәжіліс залында өтеді. 

Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2026 жылдың 20 қазанын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер Новоишим аулы Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 1-қабаты, 2 кабинетінде қабылданады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, өтініш беруші – заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесінің (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) мөлшерін көрсете отырып, басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің тазартылған тұлғалары туралы мәліметтер;

2) Жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, ЖСН, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтiнiш берушi талап еткен жердiң орналасқан жерi;

4) конкурстық ұсыныс;

5)банк кепілдігі немесе қаржы институты кредит комитетінің тартылатын инвестициялардың көлемін растау туралы оң шешімі;

Өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, аталған шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа, фермер қожалығы немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер.

Конкурсқа қатысуға өтінімді ҚР заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаның уәкілетті өкілдері ұсына алады.

Конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс:

1)                бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2)                 шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

3)                 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, ҚР                             Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияны сақтау, фитосанитариялық және карантиндік талаптар бойынша міндеттемелер.

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және «электрондық үкімет» веб — порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс»  және «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» деген жазулар көрсетіледі және «_________ жылғы «_» дейін ашуға болмайды» (нақты күні көрсетіледі).

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбау тиіс.

Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Лот

№

Жер

учаске№ (өріс)

 

Жеручаскесініңқысқашасипаттамасы

(алқаптардыңқұрамы мен түрлері)

 

Ауданы, га

 

Бонитет балы

Жалдау мерзіміжыл

 

 

Жеручаскесініңорналасқанжері (шаруашылықжәнеауданорталығынанорташақашықтық)

1

№29, №30

Жалпы ауданы 91,4 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 91,4 га

91,4

24

15 жыл

Чистопол ауылдық округі

(120 км)

2

№8-4, №1-7, №3-2

Жалпы ауданы 111 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар 111 га

111

13

15 жыл

Чистопол ауылдық округі

(115 км)

3

кос, кос, кос Г-3, №49

Жалпы ауданы 157 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 156,6 га, жолдар 0,4 га, учаске шекараларында бөгде жер пайдаланушылар (меншік иелері) Ақан сері орман шаруашылығыСҚОА СҚОТР ж ТПРБ - 7,7 га

157

25

 

15 жыл

Нежинка ауылдық округі

(50 км)

4

Г8мол

Жалпы ауданы 442 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 442 га

442

10

 

15 жыл

Чистопол ауылдық округі  (125 км)

5

№14-3, т1-пош

Жалпы ауданы 519 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар 22 га, табиғи жайылымдар 496 га, жолдар 1 га

519

12

15 жыл

Чистопол ауылдық округі

(125 км)

 

26 августа 2026
Мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндірме әңгіме
Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде қызметтік әдеп қағидаларын, адалдық, парасаттылық, объективтілік және жауапкершілік принциптерін сақтау, сондай-ақ мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындау және мемлекеттік қызметтің беделін сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
10 августа 2026
Құқық бұзушылық туралы енді eGov Mobile арқылы хабарлауға болады
Құқық бұзушылық туралы енді eGov Mobile арқылы хабарлауға болады
eGov Mobile қосымшасында азаматтарға құқық бұзушылықтар туралы полицияға жедел хабарлауға мүмкіндік беретін «Заң және Тәртіп» цифрлық сервисі іске қосылды.
🚔 Сервис арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасылық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары және басқа да құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болады. Өтініштер тәулік бойы еліміздің барлық өңірінен қабылданып, полиция жедел әрекет етеді.
10 августа 2026
Телефон нөміріңіз өзгерді ме? Оны Мобильді азаматтар базасында жаңартуды ұмытпаңыз.
Сменили номер телефона? Не забудьте обновить его в Базе мобильных граждан.
Чтобы получать SMS-коды от 1414, подтверждать государственные услуги и пользоваться сервисами eGov, ваш номер телефона должен быть зарегистрирован в Базе мобильных граждан.
Если вы сменили номер телефона или хотите проверить, какой номер зарегистрирован, воспользуйтесь услугой «Регистрация абонентского номера в Базе мобильных граждан» на портале eGov.kz.
С помощью услуги можно:
✔️ зарегистрировать номер телефона;
✔️ перерегистрировать номер;
✔️ проверить статус регистрации.
📌 Подробнее о том, как воспользоваться услугой, смотрите в карусели
05 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жария талқылау
2026 жылғы 5 маусымда сағат 10:00-де "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
Іс-шара барысында жүргізілген талдау қорытындылары ұсынылды, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды, сондай-ақ оларды жою және мекеменің одан әрі қызметіне жол бермеу жөніндегі шаралар талқыланды
29 мая 2026
Нәтижелерді көпшілік алдында талқылау туралы хабарландыру

Нәтижелерді көпшілік алдында талқылау туралы хабарландыру
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
2026 жылғы 5 маусымда сағат 10:00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,Тахтаброд ауылы, Советская көшесі 60.


17 апреля 2026
Аңдатпа

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
2026 жылғы 4 мамырдан 15 маусымға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:
1)Тахтаброд  ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Тахтаброд ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

29 января 2026
"Халық заңгері" акциясы
 
2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 19 мекенжайындағы мәдениет үйінің ғимаратында "Халық заңгері"акциясы өтеді!
Аудан прокуратурасының, Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді, білікті ұсыныстар береді және сізге көмектеседі.
Толық және дәлірек ұсыныстар алу үшін өз ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз.
Онлайн сұрақтар қоюға болады.
Құқықтық көмекке мұқтаж барлық адамдарды күтеміз!
26 января 2026
Интернеттегі алаяқтықтың жаңа схемасы туралы
Қауіпті аяқталуы бар "тегін кітаптар"
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қылмыстық және қоғамдық қауіпсіздік қатерлерін болжау орталығы
Бас прокуратура интернеттің жаңа схемасы туралы ескертеді-
алаяқтық.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша ( https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html,

https://www.ixbt.com/.../mvd-predupredilo-o-vredonosnyh...)
алаяқтар Telegram-да зиянды файлдарды тегін электронды кітаптар түрінде таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: сіз Telegram-да хабарлама аласыз
кітаптардың үлкен кітапханасына шектеусіз кіру туралы.
Қажетті басылымды сұрағаннан кейін, бот нақты қызметке еліктейді,
кітаптың сюжеті туралы қысқаша сипаттама жасайды, бірақ оқудың немесе жүктеудің орнына
кітаптар, сізге вирустық файлды "арнайы" деп бағыттайды
қолданбалар".
Файлды орнату маңызды салдарға әкеледі: құпия сөздерді ұрлау және
ақша, хат-хабарлар мен фотосуреттерге қол жеткізу, қашықтан басқару
смартфон және жеке деректердің жоғалуы.
Есте сақтау маңызды үшінші тарап қолданбаларын бейресми бағдарламалардан орнату
дереккөздер теріс салдарға әкелуі мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық мұндай қауіптерден қорғаудың негізгі шаралары болып қала береді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы