Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

04.02.. 09.02.2024 ж. интернет-алаяқтық фактілерін болдырмау мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары учаскелік инспектор полиция капитаны Өсер М.Т.-мен бірлесіп "6 ай мерзімге банктік қарыздар , микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту"мемлекеттік қызметін алу бойынша округ тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, "Egov" порталы және "Egov mobile"мобильді қосымшасы арқылы осы қызметті алу кезінде түсініктемелер беріліп, оқыту жүргізілді.
Қызметті алу үшін Еgov порталына кіріп, "сервистер" қойындысында "6 ай мерзімге банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту" бірінші қызметін таңдау қажет, Egov mobile мобильді қосымшасында - "қызметтер" бөлімінде "салықтар мен қаржыны" таңдау - ең соңында ерікті түрде бас тарту қызметі болады.
Халыққа жадынамалар, сондай-ақ "Facebook" әлеуметтік желісінде WhatsApp топтарында осы қызметті қалай алуға болатыны туралы қадамдық нұсқаулар жіберілді. Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы барлық ниет білдірушілер осы қызметті ала алады және оны алудың егжей-тегжейлі нұсқаулығымен таныса алады.
Барлығы 73 адам жадынамалар мен егжей-тегжейлі нұсқаулықпен жеке хабардар етілді, 60 адам "6 ай мерзімге банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту"қызметін алды.
Дата публикации
12 февраля 2024
Дата обновления
12 февраля 2024
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

23 апреля 2025
Ақпарат
14 апреля 2025
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
10 апреля 2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы