Бекіту туралы шешім Тахтаброд ауылдық округінің бюджеті Ғабит Мүсірепов атындағы аудан 2026-2028 жылдарға арналған

2026-2028  жылдарға арналған

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

Тахтаброд ауылдық округінің бюджетін

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының    4) тармақшасына, 91-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 42 631 мың теңге:

салықтық түсімдер – 14 018 мың теңге;                                                                              салықтық емес түсімдер – 579 мың теңге ;                                                                     негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 925 мың теңге;                                                                   трансферттер түсімі – 24 109 мың теңге;                                                                                       2) шығындар – 42 631  мың теңге;                                                                                               3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:                                                                                      бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 

4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: 

қаржылық активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   0:

қарыздар түсімі – 0;    

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0;

  1. 2026 жылға арналған Тахтаброд ауылдық округінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес, мынадай салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатындығы белгіленсін:

1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген, ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалардың өз бетінше салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығынан:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой    медиатор үшін – тұрған жерінен;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері ауылдың  аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

2) ауылдық округ аумағындағы осы салықты салу объектілері   бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығынан;

3) ауыл  аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды

тұлғалардан алынатын, елдi мекендердің жерлерiне салынатын жер салығынан;

  4) көлік құралдары салығынан:

тұрғылықты жері ауыл аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілген тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан;

          5) бірыңғай жер салығынан;

6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан;

7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

 ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде;

елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақыдан.

  1. Ауылдық округ бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдер болып:

 1) ауылдық округ әкімі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

 2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

 3) ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

 ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;

ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

 

ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін өзге де кірістер;

4) ауылдық округ бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер болып табылады.

  1. 4. Ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып:

1) ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы табылады.

  1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін трансферттер ауылдық округ бюджеттеріне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

              мәслихатының төрағасы                                        С. Баумағанбетов

 

 

Дата публикации
18 декабря 2025