Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 29-13 «2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы

№ 29-13 «2025-2027 жылдарға арналған

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд

ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 8 мамырдағы № 29-13 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және                    3-қосымшаларға сәйкес, cоның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 65 298,3  мың теңге:

салықтық түсімдер – 13 100 мың теңге;                                                                              салықтық емес түсімдер – 560 мың теңге;                                                                     негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 ;                                                                   трансферттер түсімі – 51 638,3 мың теңге;                                                                                       2) шығындар – 66 888 мың теңге;                                                                     3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:                                                                                      бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: 

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 589,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

1 589,7 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0;    

қарыздарды өтеу – 0;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 589,7 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    .     2. Осы шешім 2025  жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                 

Дата публикации
17 ноября 2025