Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпарат және кеңес беру мәселелері бойынша
Құрметті Тахтаброд ауылдық округінің тұрғындары!
Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпарат және кеңес беру мәселелері бойынша жұмыс күндері 8(71535)43-123 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.
Жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппаратында интернетке шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу үшін барлық қажетті жабдықтар жұмыс істейді. Біз сізге жиі сұранысқа ие барлық дерлік қызметтерді алуға көмектесуге мүмкіндігіміз бар (мобильді азаматтар базасында тіркелу, ЭЦҚ алу, АХАЖ қызметтері, жеке куәлікті, жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінім беру, а/ш техникасын техникалық байқаудан өткізу, жәрдемақылар тағайындау және т.б.).
Мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты: бас маманӨмірқұлова Әсел Сатыбалдықызы.
Байланыс телефоны: (871535)43-1-23.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 телефоны бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпарат және кеңес беру мәселелері бойыншаДата публикации
25 января 2024