Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратында әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері аудан әкімінің орынбасары Берік Айсаұлы Сапановқа жүктеледі.Берік Айсаұлы, 1973 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Сарыбұлақ ауылында туған. 1995 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы Леонид Борисович Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін «қолданбалы экология» мамандығы бойынша аяқтаған.Мемлекеттiк қызметтегi жалпы еңбек өтiлi 19 жыл.
Мемлекеттiк қызметшiлер Әдеп кодексiнiң нормаларын бұзған жағдайда 8(71535) 21-4-24 нөмiрiне хабарласуға болады. айдың бірінші және үшінші сәрсенбісі сағат 14.30-17.30
Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Новоишим ауылы , Абылай хан көшесi 28, № 35 кабинет.
Сондай-ақ, +7(71535) 21-3-35 нөміріне сенім телефоны арқылы хабарлауға болады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Кенжебеков Асхат Белгібайұлы.