2024 жылы Шөптікөл ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы ақпарат

 

2024 жылы Шөптікөл ауылдық округінің бюджетіне 82 146 мың теңге, түсті, оның ішінде:

12 818 мың теңге - бюджеттің меншікті кірістері (16%);

14 677 мың теңге - субвенциялар (18%);

54412 мың теңге-трансферттер (66%);

239 мың теңге-бос қалдықтар (0%).

 

1) Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша нақты түсім 1 614 мың теңге, нақтыланған жоспар кезінде 1 570 мың теңгені құрады. Өсім 3% немесе 44 мың теңгені құрады.

 

2) жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша нақты түсім 119 мың теңге, нақтыланған жоспар кезінде 150 мың теңгені құрады. Орындалмағаны21% немесе 31 мың теңгені құрады.

 

3) жер салығы бойынша нақты түсім 558 мың теңге, нақтыланған жоспар кезінде 800 мың теңгені құрады. Орындалмағаны30% немесе 242 мың теңгені құрады.

 

4) заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша нақты түсім 768 мың теңге, нақтыланған жоспар кезінде 768 мың теңгені құрады. Орындау 100% құрады.

 

5) жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша нақты түсім 4 535 мың теңге, нақтыланған жоспар кезінде 4 177 мың теңгені құрады. Өсім 9% немесе 358 мың теңгені құрады.

 

6) Бірыңғай жер салығына салынатын салық бойынша нақты түсім 5 100 мың теңге, нақтыланған жоспар кезінде 5 076 мың теңгені құрады. Өсім 1% немесе 24 мың теңгені құрады.

 

7) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем нақты түсім 169 мың теңге, нақтыланған жоспар бойынша 277 мың теңгені құрады. Орындалмағаны 39% немесе 108 мың теңгені құрады.

 

 

2024 жылға бекітілген бюджет –61 803 мың теңге.

2024 жылға нақтыланған бюджет –82 146мың теңге.

 

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы 100% - ға қамтамасыз етілді. Жоспар бойынша 12 818 мың теңге, түсім 12 863 мың теңгені құрады.

 

Жоспар 45 мың теңгеге асыра орындалды.

 

Шөптікөл ауылдық округі бюджетінің шығыс бөлігі 100% - ға орындалды. Нақтыланған жоспар бойынша 82 146 мың теңге кассалық шығыстар 82 146 мың теңгені құрады.

Субвенция/трансферттер 69 089 мың теңге жоспарланып69 089 мың теңге игерілдінемесе 100%.

Штат саны 4 адам мемлекеттік қызметшілер және техникалық персоналдантұратын ауылдық округ әкімі аппаратын ұстауға ауылдық округ бюджетінен31 544 мың теңге;

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру (Шөптікөл ауылында, Разгульный ауылында, Жаркөл ауылында) - 1 178 мың теңге;

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру (Жаркөл ауылына суды тазартудың кешенді блок - модулін сатып алу және орнату) -8 400 мың теңге;

Елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға-21 881 мың теңге, оның ішінде:

- Шөптікөл ауылында хоккей кортын орнатуға 18 216 мың теңге;

- Шөптікөл ауылында балалар ойын алаңын жайластыруға 3 665 мың теңге.

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу (Разгульный ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеу (50 лет ВЛКСМ көшесі)) – 19 143 мың теңге.

 

Дата публикации
30 июля 2025