2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шөптікөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес,              Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шөптікөл ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 54 540 мың теңге:

салықтық түсімдер – 12 908 мың теңге;                                                                              салықтық емес түсімдер – 0;                                                                     негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 863 мың теңге;                                                                   трансферттер түсімі – 37 769 мың теңге;                                                                                       2) шығындар – 54 540  мың теңге;                                                                                               3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:                                                                                      бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 

4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: 

қаржылық активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:

қарыздар түсімі – 0;    

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0;

  1. 2025 жылға арналған Шөптікөл ауылдық округінің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес, мынадай салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатындығы белгіленсін:

1) ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой    медиатор үшін – тұрған жерінен;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке      тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

2) ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері   бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

3) ауылдың  аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды

тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

          3-1) бірыңғай жер салығынан;

  4) көлік құралдары салығынан:

тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан;

4-1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан.

  1. Ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсімдер болып:

1) ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер табылады.

  1. Ауылдық округ бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер табылады.

  1. Аудандық бюджеттен Шөптікөл ауылдық округінің бюджетіне берілетін субвенциялар көлемі 15 819 мың теңгені құрайды.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

   Солтүстік Қазақстан облысы

       Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

                мәслихатының төрағасы                                   С. Баумағанбетов

 

              

 

Дата публикации
30 июля 2025