Талдамалық анықтама жұмыс қорытындылары туралы есепке Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Шөптікөл ауылдық округі бойынша 2026 жылғы 3 тоқсанда

 

Талдамалық анықтама

жұмыс қорытындылары туралы есепке

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

Шөптікөл ауылдық округі бойынша

2026 жылғы 3 тоқсанда

 

          Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де 6 қызмет түрі көрсетіледі:

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

3)Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

4) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;

5) жер учаскесін алуға кезекке қою;

6) жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.

Өткен кезеңде 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру..

          Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы а.ж. 3 тоқсанында 61 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. (Қосымша 1).      

          2026 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 ақпараттық – түсіндіру іс-шарасы өткізілді, жалпы 20 адам қамтылды:  

          - "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша 1 ақпараттық-түсіндіру жұмысы (ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте қамту-10 адам);

https://www.facebook.com/share/p/1EzTf7JkWE/?mibextid=wwXIfr

          - 1 "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы (06августат.қамту-10 адам);

          https://www.facebook.com/share/p/1SPk4N1Pq8/?mibextid=wwXIfr            

          2026 жылғы 15 қыркүйекте "іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Онлайн жәрмеңке" өткізілді, оның барысында тікелей эфирде консультациялық көмек көрсетілді.

          https://www.facebook.com/share/v/18bmwqoVce/?mibextid=wwXIfr

          Көрсетілетін қызметті алушылардан есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қазақ және орыс тілдерінде ақпарат).  Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ауылдық округ әкімінің веб-сайтында жарияланады gov.kz/memleket/entities/sko-gm-shoptikol.

 

 

Ауылдық округінің әкімі                                      Д. Оразов

 

Дата публикации
09 октября 2026