Шөптікөл ауылдық округінде
2026 жылдың екінші тоқсанында
мемлекеттік қызметтерді көрсету
нәтижелері туралы талдамалық есеп
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/NQ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Шоптыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметтердің алты түрін көрсетеді:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру;
2) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
3) Тендерлер (конкурстар немесе аукциондар) өткізуді қажет етпей, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
4) Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу шартымен сату;
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
6) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Тізілім деректеріне сәйкес, есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер түскен жоқ.Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 73 мемлекеттік қызмет көрсетілді (1-қосымша).
2026 жылдың екінші тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты екі ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, оған барлығы 20 адам қамтылды:
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты 1 ақпараттық-түсіндіру шарасы (ағымдағы жылдың 17 сәуірі; қамтылған адамдар саны: 10); https://www.facebook.com/share/p/17cxQ1gS5D/?mibextid=wwXIfr –
«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты 1 ақпараттық-түсіндіру шарасы (ағымдағы жылдың 24 маусымы; қамтылған адамдар саны: 10);
https://www.facebook.com/share/p/18rAc8EaTN/?mibextid=wwXIfr
«Электрондық үкімет» порталын пайдалануды насихаттайтын, «Шетелге шығуға шектеулердің бар-жоғын тексеру» тақырыбына арналған бейнеролик әзірленді.
https://youtu.be/kaZZ-SIa5iY?si=6pNn1i0Kr8sOCecg
Есепті кезең ішінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықты оларды көрсету тәртібінен хабардар ету мақсатында, мемлекеттік мекеме ғимаратында қызмет көрсету стандарттары, ережелер және қызмет көрсетуге жауапты тұлға туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық тақта қазақ және орыс тілдерінде орнатылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпарат ауылдық округ әкімінің gov.kz/memleket/entities/sko-gm-shoptikol веб-сайтында жарияланады.
Шөптікөл ауылдық
округінің әкімі Д. Оразов