Аналитикалық анықтама 2025 жылға арналған Шөптікөл ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша жұмыс қорытындылары туралы есепке

Аналитикалық анықтама
2025 жылға арналған Ш
өптікөл ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша жұмыс қорытындылары туралы есепке

 

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де 6 қызмет түрі көрсетіледі:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  4. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  6. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.

Есепті кезеңде Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетті:

  • 2025 жылғы 21 қаңтарда «Адани-Агро» ЖШС-не «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
  • 2025 жылғы 4 ақпанда Иванов Юрий Егоровичке «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
  • 2025 жылғы 28 мамырда «Приишимский» агрофирмасы ЖШС-не «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
  • 2025 жылғы 4 шілдеде аталған қызмет бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
  • 2025 жылғы 24 қарашада Толуспаев Асылбек Альпековичке аталған қызмет бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 2025 жылы 193 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 75 адамды қамтыған 8 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді:

  • 2025 жылғы 20 қаңтарда «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу мәселесі бойынша 1 іс-шара (қамтылуы – 10 адам);

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid02GMvkKvt2EX7Woiem2UHrngBGGPcdq3xXm3hiM5gp5cKu3D8QtjdJTN2dDCLH2frAl?locale=ru_RU

  • 2025 жылғы 25 ақпанда осы тақырыпта 1 іс-шара (10 адам);

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid0GH1k8oBE3u3TWEAsC4ikzkc6qAR9XCLEH2vit2EWZfxCKCMCWrbWUyXu5hBTHs2Cl?locale=ru_RU

  • 2025 жылғы 14 наурызда 1 іс-шара (5 адам);

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid0ENvtGWQQFa8qqeDRqdSjB3byngHqLu6qgk8e2cNxa2Pz3mswjC2tcAUJNPmV1hSdl?locale=ru_RU

  • 2025 жылғы 22 мамырда 1 іс-шара (10 адам);

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid02ewJ6wcYAXh9Apr62nQt72mQNYzdmbstH8AJtayPpeAJvSby2FAK5sF76fCzgtbytl?locale=ru_RU

 

  • 2025 жылғы 11 маусымда 1 іс-шара (10 адам);

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid02SNyPana5Ps3hSuV2uyUPuNEj5b2Kd3MrYoFNdgfThJDqbEQqRRakmDstGGVYMpbml?locale=ru_RU

 

  • 2025 жылғы 12 маусымда 1 іс-шара (10 адам);
  • 2025 жылғы 21 тамызда 1 іс-шара (10 адам);

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid0AZ7nGgoPM1UPPGx6cVtMC9uJaqNZkaHBgGb5nm4Z7wijS4RvDWvvxzYujBnGHn8Rl?locale=ru_RU

  • 2025 жылғы 27 тамызда 1 іс-шара (10 адам).

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid0JsiaKWcZeZmZNb9snfpoVCGHjsK5TiQJf39PzUX5S4sdAZY3VHgaVjcbyWkPBe8il?locale=ru_RU 

Ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары еріктілермен бірлесіп, қоғамдық орындар мен еңбек ұжымдарын аралау арқылы тұрғындарға брошюралар таратты. Барлығы 400 дана брошюра таратылды:

  • 12 наурызда 150 дана;

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid0qx1zq76t5u2uUkuD67da5XoaShiJdVaxTmytxG3tQbsfm241bgjd7gamcZQK42hMl?locale=ru_RU

  • 23–24 шілдеде 250 дана.

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid02rgYt42mntzuiqefVJASwsbgxu3HFXK1LCUFz1sY7rh2QQmspLKyq8WCFMBYBaYSbl?locale=ru_RU  

2025 жылғы 13 мамырда «Credit Control несие тарихын бақылау (мониторинг)» тақырыбында «Электрондық үкімет» порталын пайдалануды насихаттайтын бейнеролик дайындалды.

https://www.youtube.com/shorts/V1pnDJSKLlU

 

2025 жылғы 22 қыркүйекте «Цифрлық нотариат» мемлекеттік қызметі бойынша онлайн жәрмеңке өткізіліп, тікелей эфирде консультациялық көмек көрсетілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік пен ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараттық стенд (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлға туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде) орналастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат ауылдық округ әкімінің ресми веб-сайтында жарияланады.

 

          Шөптікөл ауылдық

 округінің әкімі                                                     Д. Уразов

 

Дата публикации
06 января 2026