Талдамалық анықтама жұмыс қорытындылары туралы есепке Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Шөптікөл ауылдық округі бойынша 2025 жылғы 3 тоқсанда

Талдамалық анықтама

жұмыс қорытындылары туралы есепке

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

Шөптікөл ауылдық округі бойынша

2025 жылғы 3 тоқсанда

 

          Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де 6 қызмет түрі көрсетіледі:

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

3)Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

4) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;

5) жер учаскесін алуға кезекке қою;

6) жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.

Өткен кезеңде әкім аппаратымен 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді, атап айтқанда:

- 2025 жылғы 4 шілдеде Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы а.ж. 3 тоқсанында 43 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. (Қосымша 1).      

2025 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 ақпараттық – түсіндіру іс-шарасы өткізілді, жалпы 20 адам қамтылды:  

          - "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша 1 ақпараттық-түсіндіру жұмысы (а. ж. 21 Тамызда-10 адам қамтылды);

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid0AZ7nGgoPM1UPPGx6cVtMC9uJaqNZkaHBgGb5nm4Z7wijS4RvDWvvxzYujBnGHn8Rl?locale=ru_RU    

- "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша 1 ақпараттық-түсіндіру жұмысы (ағымдағы жылдың 27 тамызында қамту-10 адам);

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/posts/pfbid0JsiaKWcZeZmZNb9snfpoVCGHjsK5TiQJf39PzUX5S4sdAZY3VHgaVjcbyWkPBe8il?locale=ru_RU       

          "Цифрлық" Нотариат Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы 22 қыркүйекте "Онлайн жәрмеңке" өткізілді, оның барысында тікелей эфирде консультациялық көмек көрсетілді.

https://www.facebook.com/Shoptykolskiselskiokrug/videos/1115316476907291/?locale=ru_RU  

          Көрсетілетін қызметті алушылардан есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қазақ және орыс тілдерінде ақпарат). Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ауылдық округ әкімінің веб-сайтында жарияланады gov.kz/memleket/entities/sko-gm-shoptikol

 

 

             Шөптікөл ауылдық

             округінің әкімі:                                                              Д. Оразов

 

Дата публикации
03 октября 2025