Шөптікөл ауылдық округінде
2024 жылдың төртінші тоқсанында
мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет нәтижелері туралы есепке қоса берілетін талдамалық жазба
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/NQ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметтердің алты түрін көрсетеді:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру;
2) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
3) Тендерлер (конкурстар немесе аукциондар) өткізуді талап етпей, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
4) Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу шартымен сату;
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
6) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Есепті кезеңде Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер келіп түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 52 мемлекеттік қызмет көрсетілді (1-қосымша).
2024 жылдың төртінші тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты үш ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, оған барлығы 30 адам қатысты:
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша 1 ақпараттық-түсіндіру кездесуі (19 қараша 2024 ж.; 10 қатысушы);
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша 1 ақпараттық-түсіндіру кездесуі (3 желтоқсан 2024 ж.; 10 қатысушы);
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты 1 ақпараттық-түсіндіру шарасы (ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны; қамтылған адамдар саны – 10);
2024 жылғы 18 желтоқсанда мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ «жер учаскесін алуға кезекке қою» қызметіне қатысты халыққа практикалық көмек көрсету мақсатында онлайн-жәрмеңке өткізілді.
https://www.facebook.com/akimat.Gabita.Musrepova/videos/1821308515288172?locale=ru_RU
Халықты «Электрондық үкімет» порталын пайдалануға үйрету мақсатында, ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында мемлекеттік мекеменің ресми сайтында портал арқылы қызметтерді алуға қатысты қадамдық нұсқаулықтар жарияланды. Олар мына қызметтерді қамтиды:
9-11 желтоқсан аралығында ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары еріктілермен бірлесіп, қоғамдық орындар мен жұмыс орындарын аралау арқылы халыққа ақпараттық парақшалар таратты. Барлығы 350 парақша таратылды.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты ешқандай шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықты оларды көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында мекеме ғимаратында тиісті ақпарат (стандарттар, ережелер және қызмет көрсетуге жауапты тұлға туралы мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде) көрсетілген ақпараттық тақта орнатылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпарат ауылдық округ әкімінің интернет-ресурсында жарияланады.
Шөптікөл ауылдық
округінің әкімі: Д. Жаманбаев