Қазақстандық қоғам дамуының қазіргі кезеңінде мемлекет Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударады.
Сыбайлас жемқорлықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін факторлардың бірі-мүдделер қақтығысы. Егер тұжырымдаманы ашатын болсақ, мүдделер қақтығысы - бұл жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың және олардың лауазымдық өкілеттіктерінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық, бұл ретте, аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының көрінісі теріс салдарға әкелуі мүмкін.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мүдделер қақтығысының алдын алу, анықтау және реттеу мәселелеріндегі маңызды субъектілердің бірі ретінде бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің өздерін айқындайды.
Мемлекеттік қызметшілердің мұндай міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралызЗаңнамамен бекітілген.
Осы заңдармен мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу мәселелеріндегі ерекше өкілеттіктер мемлекеттік қызметшілердің тікелей басшыларына және мемлекеттік органның басшылығына жүктелген.
Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын тиімді реттеу рәсімі арқылы шешу қажет.
Мүдделер қақтығысының теріс салдарын азайту үшін мемлекеттік органдар, жауапты лауазымды адамдар және мемлекеттік қызметшілер оның пайда болу себептерін, осы жағдайға ықпал ететін жағдайларын, жанжалдың даму динамикасын анықтауды, оның барысын бақылауды, шешімді басқаруды, жанжал кезіндегі қарсыластық деңгейін төмендетуді үйрену қажет.
Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысы фактілері анықталған және болған жағдайда кез-келген азамат Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі СҚО бойынша Департаментінің сенім телефонына 46-58-89 нөмірі бойынша хабарлауға құқылы.
Бахыт Жанболов, Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің департаментінің мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы