Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңын талқылау
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жиналысының
№ 12 хаттамасы
Рузаев а. 2025 жылғы 03.12.
Қатысты: 8 адам
Жиналыс төрағасы: А.Қ. Әзербаев
Жиналыс хатшысы: Н.Қ. Сапарғалиева
Күн тәртібі:
Жиналыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәртібін біріздендіру, сондай-ақ Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты КММ қызметінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Азамат Қайратұлы Әзербаев Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының негізгі нормаларымен, нотариат қызметінің мақсаттары мен қағидаттарымен таныстырды.
Нотариустардың өкілеттіктері, нотариаттық іс-әрекеттердің тізбесі және құжаттарды ресімдеу талаптары түсіндірілді.
Нотариаттың заңдылықты қамтамасыз етудегі және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы атап өтілді.
КММ қызметінде нотариат туралы заңнама талаптарын сақтау және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі қаралды.
Шешті: Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы бойынша ақпарат назарға алынсын. Нотариаттық куәландыруды талап ететін құжаттармен жұмыс кезінде заң талаптарының сақталуы қамтамасыз етілсін.
Жиналыс төрағасы А.Қ. Әзербаев
Жиналыс хатшысы Н.Қ. Сапарғалиева